Еліміздегі мектептерде арнайы маманға жаңа штат ашылды. Соған сәйкес енді орта білім беретін оқу ошақтарындағы ерекше балалардың бейімделуіне көмектесетін педагог-ассистенттердің саны екі есе өсті. Бұған дейін 700-дің жобасында маман болса, қазір олар 1 454 адамға жетіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлуді талап ететін инклюзивті оқытуда сұранысқа ие. Педагогтер ерекше оқушылардың мектепке және оқу үрдісіне бейімделуіне көмектеседі.
Аталған ведомство жанындағы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова:
«Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов осындай штат енгізуді тапсырған болатын. Енді 1,5 мыңға жуық педагог-ассистент ерекше балалар оқитын мектептерде жұмыс істеп жатыр. Бұл мұғалімнің өзін алмастыра алмайды. Десе де педагог-ассистенттер ерекше рөл атқарады, олар балаларға бағыт беріп, оқу үрдісіне бейімделуге көмектеседі. Біз ерекше қажеттілігі бар балалар туралы айтып отырғандықтан, мысалы, егер бала өздігінен қозғала алмаса, онда педагог-ассистенттер техникалық көмек көрсетеді. Не болмаса балаға дефектологтің көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау көрсетеді», дейді.
Педагог-ассистент жоғарыда айтылған функцияларға қоса ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Педагог-ассистенттер өткен материалды меңгеруге көмектесіп қана қоймай, ерекше баланың дағдыларының даму деңгейін де бақылайды. Сондай-ақ олар ерекше білім алуды қажет ететін балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды.
Министрлік алдағы уақытта педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарға да енгізбек.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар