Кез келген өнер тыңдаушысымен, оқушысымен, көрерменімен қымбат. Театр да солай. Естеріңізде болса, аз уақыт бұрын «Астана Опера» театры көрерменмен етене жақын араласуға һәм шығармашылық орта құруға бағытталған арнайы «Достар клубы» жобасын бастаған еді. Бүгінде театр қабырғасындағы тың жобаға қызығушылар мен қатысушылар көбейіп келеді. Әсіресе елорда тұрғындары аса белсенді. Сондай-ақ көрерменге театр тынысынан хабар беретін игі жобаны дамытуға, қолдауға дайын компания өкілдері, оның ішінде шетелдіктер де қосылуда.

Театр өмірі, тек опера, балет, концерттермен шектелмейді. Өнер ордасында бірқатар әлеуметтік жоба іске асырылып, елорда мектептерімен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, сахна сыртындағы шығармашылық өмірге де саяхат ұйымдастырылуда. Осы орайда «Достар клубын» құру мәдени әрі танымдық іс-шаралардың санын көбейтетінін анық көрсетіп отыр.
Айта кетейік, клубқа ену рәсімі өте оңай: кез келген көрермен өтініш-сауалдаманы толтырып, ол мақұлданып, жарна төленгеннен кейін, театр досы «Дос», «Құрметті дос», «Әріптес», «Демеуші» секілді мүшелік санатына қарай берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтері бар атаулы клуб картасын алады.
– Мұндай бірлестіктер әлемге танымал көптеген театрда бар. «Астана Операның» «Достар клубына» мүше болуы жұмбақ театр әлеміне жақындай түсуге, оның өміріне белсенді араласуға, сондай-ақ еліміз бен қаламыздың мәдени игілігін арттыру, сақтау ісіне өз үлесіңді қосуға мүмкіндік береді, – дейді «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева. – Біздің бастамамызға үн қатқан барша жанға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Театр мен көрермендердің өзара тиімді ынтымақтастығы өнерді қадірлейтіндерге сырттан бақылап тұрушы ғана емес, сонымен бірге театрдың жобалары мен бағдарламаларының белсенді қатысушысы болуға жағдай жасайды.
«Театр досының» жеңілдіктері қатарына жеке менеджерінің болуы, басты дайындықтар мен эксклюзивті іс-шараларға шақыру билетін алу мүмкіндігі, репертуарлық жоспардың ашықтығы, сахна сыртына саяхат жасау секілді басқа да артықшылықтар кіреді.
Бұдан бөлек, «Құрметті дос» атағы қойылымдық топ мүшелерімен жеке таныстық, қолтаңба алу түріндегі эксклюзивтерге мүмкіндік береді.
Ал «Әріптес» пен «Демеушінің» артықшылық аясы бұдан да кең. Олар ресми кездесу өткізу, қол қою үшін театр ғимаратын пайдалану, жылына екі рет афишаларда өз логотиптерін орналастыру секілді басқа да құқықтарға ие.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар