Қазақстан • 07 Шілде, 2022

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді

Құжатта:

«Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағалардан асып кеткен жағдайда ұйғарымдар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін», делінген.

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.