Кейінгі кезде «Нұр Отан» партиясының жұмысында соны серпіліс байқалатынын барша жұртшылық айта алады. Партияның ашықтығы, елмен байланысын етене ете түскені, халықтың мұң-мұқтажына көбірек көңіл бөлетін болғаны айқын аңғарылады. Осы істің бел ортасында Партиялық бақылау комитеті тұр деудің ешқандай артықтығы жоқ.
Кеше «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Партиялық бақылау комитетінің кезекті мәжілісі өтті. Онда партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мүшелік партия жарнаны уақтылы жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы мәселе қаралды.
Комитет мүшесі – Мәжіліс депутаты Ирина Аронованың сөзінде облыста партия мүшелерінің жарна төлеу тәртібі негізінен дұрыс сақталып отырғаны, сонымен қатар, бірқатар кемшіліктер де орын алғаны атап өтілді. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақалов өз сөзінде бұл жұмыстың жайына жан-жақты талдау жасап, олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстарын айтты. Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіровтің сөзі нақты жағдайға шыншыл баға беруге, өз жұмысына сыни тұрғыдан қарауға құрылды. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері – Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Серікжан Қанаев, партияның Орталық бақылау-ревизия комиссиясының мүшесі Әнуар Ілиясова талқыланып отырған мәселенің мән-жайын терең ашып, партия мүшелерінің жауапкершілігі жарна жинау жұмысынан да танылатынын атап айтты, жіберілген кемшіліктерді жоюдың нақты жолдарын көрсетті.
Мәжіліс партияның өңірлік филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының, облыстардағы партиялық бақылау комиссиялары төрағаларының түгелдей қатысуымен бейнеконференция түрінде ұйымдастырылып, мәселе тікелей байланыс арқылы талқыланып отырғанына байланысты партияның Саяси кеңесінің мүшесі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов облыстағы өкілдерге «Нұр Отанның» жұмысын бас басылымның бетінде жүйелі жазуға, кеңінен көрсетуге қатысты өз ұсыныстарын айтып, ортақ іске белсене атсалысуға шақырды.
Мәжілісті қорытындылаған Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов «Нұр Отан» қатарының тазалығын сақтау, партия беделін биіктете түсу жөніндегі өз ойларымен бөлісті.
«Егемен-ақпарат».

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30