29 Сәуір, 2014

Мас полицей жас жігітті қағып өлтірді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны түн ортасында көрші ауылдағы туыстарынан қайтып келе жатқан 27 жастағы жас жігітті көлікпен қағып, мерт қылды. Марқұмның жан жары мен шиеттей екі баласымен болашағы жоқ елдімекеннен көшіп келіп, аудан орталығына орналасқанына көп бола қоймаған екен. Қайғылы оқиға Мамлют қаласына кіреберісте орын алған. Соққының қатты болғаны соншалық, Руслан Рахметов тіл тартпай кеткен. Тіпті сол сәтте тәртіп сақшысының ұялы телефоны да істен шыққан. Осы салада бес жылдай жұмыс өтілі бар 25 жастағы Айдос Қантаев төрт ай бұрын қылмыстық іздестіру бөлімі жетекшілігіне тағайындалған еді. Ол көлігінің мемлекеттік нөмірін ағытып, мүрденің жанына тастаған да, өзі жұмыс орнына барып, қайғылы оқиға жөнінде хабарлаған. Енді оның қылмысы дәлелденсе, 7 жылға дейін жазаға кесілуі ықтимал. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы.