ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикалар бюросы маусым айында тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында қолданыстағы пәтерлердің бағасы – 26,8%, ал жаңа пәтерлер – 19,5%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 21%-ға көтерілген. Өңірлер бойынша жаңадан салынған тұрғын үй бағасы Нұр-Сұлтанда айтарлықтай жоғарылаған – 27,9%.
Қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Қызылорда қаласында (46,7%), ал жалға алу құны Алматы қаласында (48,3%) қымбат. Биылғы мамырдан маусымға дейін, яғни бір айда жаңа тұрғын үй бағасы – 1,1%, ал қайта сату – 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы мамырмен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеген.
Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде жасалады.
Аяна Тоғанбек
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
Ұқсас жаңалықтар