Ауа райы • 09 Шілде, 2022

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, республиканың шығысында дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі. Тек Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарына батыс антициклоны ығысып, күн ашық болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.