Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньерді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады.
Қ.Тоқаев «Украинадағы шиеленістің шешімін табуда және үнқатысуды қалыптастыруда ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», деп атап өтті.
Астана мерейтойлық декларациясында мәлімделген Еуразиялық және Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік қоғамдастығын қалыптастыру туралы айта келе, Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», деп атап өтті.
Кездесуде, сондай-ақ, Орталық Азиядағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.