Аймақтар • 11 Шілде, 2022

ШҚО-да жаз шыққалы бері 15 адам суға батып кетті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жаз шыққалы бері 15 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да жаз шыққалы бері 15 адам суға батып кетті

Тыйым салынған жағажайларға шомылуға баратын өңір тұрғындары азаяр емес. Суға түсу маусымы басталғалы бері су айдындарында 15 адам, оның ішінде 2 бала батып кетті.

«Жаз басынан бері ТЖД мамандары өзен-көл жағалауларына 2667 рет рейдке шықты. Жұртшылыққа нұсқамалар беріліп, жадынамалар таратылды. Жергілікті атқарушы органдармен қауіпті учаскелерге 314 тыйым салу белгісі орнатылды. Алайда азаматтардың суда қаза болу жағдайлары олардың ескертулерді елемеуінен болып жатыр», делінген ақпаратта.

Құтқарушылар мен полицейлер биыл суға батып бара жатқан 11 адамға дер кезінде көмекке келіп үлгерген.

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішу) бойынша - 479 адам және 364-бабына (Қоғамдық суды пайдалану ережелерін бұзу) сәйкес - 205 демалушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.