![ІІМ жүйесінде ашық кадрлық тағайындаулар өтті](/media/2022/07/12/29a0743439fc0a977508c3795801eb92_1280x720.jpg)
Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.
Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:
– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;
– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;
– ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;
– Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;
– Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.