Спорт • 13 Шілде, 2022

Түркістандағы тартыс

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда садақ атудан ерлер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста еліміздің жеті өңірінен келген 200-ден астам спортшы бақ сынады.      

Түркістандағы тартыс

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы­ның өкілдері алдарына жан салмады. Бұл өңірдің 19 өрені жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орын­ды Шымкент қаласының мергендері иелен­ді. Олар 13 жүлдеге қол жеткізді. Үшінші саты­ға Батыс Қазақстан облысының оғландары жай­ғасты. Жайық жағалауынан келген ұл-қыздар 10 жүлдені өз қоржындарына салды. Жекелеген спортшылар жайында айтар болсақ, Қонаев қаласынан келген Ильфат Абуллин мен оралдық Алина Ілиясованы бөле-жара атап өткен жөн. Садақ атудың классикалық түрі бойынша өткен бә­секеде екеуі де асқан шеберлік танытып, бас жүл­дені олжалады. Сол секілді Бунед Мирза­метов (Түркістан облысы) пен Айжан Сейдах­метова­ның (Алматы облысы) өнері де көпшіліктің көңі­лінен шықты. Жастар арасында Жаңбырбай Дәу­лет­келді мен Андрей Тютюн өздерін жақсы қыр­ларынан көрсетіп, мамандардың назарына ілікті.

Түркістандағы жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық команда жасақталды.