Үміт • 13 Шілде, 2022

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектемейді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектеуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектемейді
Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шет елдерден Қазақстанға автокөлік әкелуге шектеу енгізіледі деген жаңалық жарияланды. Ақпарат үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабынан алынған. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі осыған қатысты түсініктеме берді.
 
«Бүгінгі таңда шетелдік көліктерді заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған көліктерді пайдалану фактілері анықталып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанға «проблемалық» автокөлікті әкелудің алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірленуде. Онда мұндай автомобильдерге бақылауды күшейту, тіпті оларды елге әкелуді шектеуді көздейтін тетіктер қарастырылады», делінген хабарламада.
 
Үкімет бұл шаралар шет мемлекеттерде тіркелген, ел аумағына заңды жолмен әкелінген және заңды бұзбай пайдаланылатын автокөліктерге қолданылмайтынын атап өтті.
 
Премьер-Министр баспасөз қызметінің ақпаратынша, былтыр басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулері болғаны анықталды.
 
Сонымен қатар 600-ден астам көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты.
Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43