Өнер • 14 Шілде, 2022

Жас суретшілерге арналған арт-кеңістік

416 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда жас суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылды. Осылайша, Efesartspace компаниясының Efes Kazakhstan кеңсе кеңістігі өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салып отырмақ.

Жас суретшілерге арналған арт-кеңістік

Efes Kazakhstan көрмелерге жас қыл­қалам шеберлерін ғана емес, дарынды өнер қайраткерлерін де шақыруды жос­парлап отыр.

Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын осы бастамаға ұйытқы болып отырған Anadolu Efes Group әлеуметтік саланың тұрақты даму стратегиясын іске асыру аясында 30 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемдегі мәдениет пен өнерге қолдау көрсетіп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Efes Kazakhstan компаниясы Art & creative Solutions қоғамдық қоры­мен бірлесе отырып, бұл бастаманы жал­ғас­тырып, кескіндеме мәдениетін қолдай­тын және мүлдем жаңа арт-экспириенс ұсынатын жобаны ұйымдастырды.

Жаңа арт-кеңістіктің ашылуында сурет­шілердің алғашқы тоғыз картинасы ұсынылды.

«Көрмеден алғашқылар қатарында орын алған заманауи суретшілер арасында Арыстан Шалбаев, Алена Welar, Аружан Жұмабек және Жанель Шахан бар. Бұл жоба компанияның кеңсе кеңістігінің бірегейлігін қалыптастыруға және жайлы жұмыс атмосферасын құру­ға бағытталған», – дейді Art&creative Solutions қоғамдық қорының кураторы Ольга Веселова.

«Efes Art Space ұйымының идеясы – бұл Қазақстанда туындаған және жасалған дүниелерді мақтан етуге ынта­ландырудың тағы бір тәсілі. Біз үшін да­рынды жастарды біріктіру дәс­тү­рін жалғастыру өте маңызды. Біз мұ­нда шығармашылық кездесулер, пре­зен­тациялар, конференциялар, сурет­шілер жиналыстары және басқа да іс-шара­лар өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді EfesKazakhstan маркетинг депар­та­ментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.

Жаңа алаң ашылған сәттен бас­тап компания көрмелер өткізу мақса­тында суретшілерден өтінімдер қабыл­дай бастаған. Оған қоса Efes Kazakhstan ком­па­ниясының өнер және шығарма­шы­лық­пен байланысының айғағы ретін­де Efes ArtSpace Award сыйлығы таға­йын­далмақ. Компания суретшілерді көр­мелерге қатысуға шақыра отырып, бір жыл ішінде туындыларды көрсету үшін кеңсе кеңістігін пайдалануды жоспарлап отыр, содан кейін кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі негізінде ең жақсы көрмеге арнаулы сыйлық беріледі.

 

АЛМАТЫ