Аймақтар • 14 Шілде, 2022

Өртті смарт-камерамен бақылайды

364 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шілденің шіліңгір аптабында Алматы­дағы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің табиғи ошақтарын алдын ала анықтау үшін бейнекамераларды қол­данып отыр. Күн ысыған сайын салқын тауға ұмтылған демалушылар от жақпай қоймайды.

Өртті смарт-камерамен бақылайды

Қалалық Төтенше жағдайлар департа­мен­тінің бастығы, полковник Руслан Қасы­баев мұндай цифрлы инновация өртті екі жағдайда: түтін және жоғары температура арқылы бірден анықтайтынын айтады. Дегенмен бұл – цифрландырудың әлемдік тәжірибесіне сүйенген қанатқақты жоба.

«Табиғи парк аумағында смарт-камера деп аталатын оптикалық сенсорлық және теп­ловизор қондырғыларын енгізу мәселесін пысықтап отырмыз. Температура камералары арқылы бейнебақылау жаяу және әуе патрульдеріне қарағанда тиімді әрі арзан», дейді Руслан Қасыбаев.

Айта кетерлігі, мұндай камералар тұтану көздерін автоматты түрде анықтауға, олар­дың пайда болу орындарын анықтауға, қажетті техника мен күшті жеткізуде ың­ғайлы маршруттарды құруға қабілетті. Осы­лайша, Алматы құтқарушыларына «Қа­­­за­­­виаорманқорғау» өртті жедел сөн­­­­ді­ру­­-
ге септесіп отыр. Аптап ыстық кезде күн сайын таулы-орманды аймақтың үстінен ұшып отырады. Патрульдеу кезінде дауысты сөй­лейтін құрылғысы мен тепловизоры бар дрон қолданылады.

«Дрон өрт шыққан жерлерді анықтауға және оған ТЖД мобильді топтарын жіберуге мүмкіндік береді. Осындай сын-қатерлердің бәрі жоғары қауіптілік дәрежесіне ие», дейді полковник.

Қазіргі таңда ТЖД-да өрт сөндіру мен апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде жедел әрекет ететін біріктірілген отряд құрылған, құтқару қызметінің авиа­бөлім­шелері жауынгерлік әзірлікте тұр. Деген­мен қорғауға алынған аймақтарда тәртіп бұзушыларға 306 мың теңгеден астам айыппұл салынуы әбден мүмкін.

«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтары мен белгіленбеген жерде от жаққаны үшін Орман шаруашылығы меке­­мелерінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға хақылы. Жеке тұлғаларға салынатын айып­­­пұл сомасы 10-нан 100 айлық есептік көрсет­кішке дейін, ал бұл – 30 630 теңгеден бас­тап 306 300 теңгеге дейінгі сома», дейді Р.Қа­сымбаев.

Қазіргі уақытта ТЖД, ІІБ және Іле-Ала­тау МҰТП қызметкерлерінен патруль қызметкерлерімен 95-тен астам рейд жүр­гізіліп, 45 өрттің алдын алған. Осыған сәйкес ереже бұзған 45 адам жауапкершілікке тар­тыл­ды. Құзырлы мекеме бірінші кезекте өрт шығуы мүмкін қоқыстарды шығару қажет­тігін қаперге салады. Белгіленген жерден тыс орында сіріңке, темекі қалдығын лақтыруға, құрғақ шөптерді жағуға, от жағуға және барбекю құралдарын пайдалануға болмайды.

Сондықтан тауда демалатындарға Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіру үшін арнайы жабдықталған 14 орын (орындық, үстел, от жағуға арналған бетондалған алаң, барбекю), Алма-Арасан шатқалының аумағында 12 орын, Үлкен Алматы, Казачка өзендері мен Бутаковкада да орындар бөлінген.

Өрт қауіпсіздігіне қатысты тағы бір тоқтала кететін жайт, таулы Алматыда өрт­тің алдын алу мақсатында құрғақ шөп өскен 200 гектардай аумақ жыртылды. Бұл жұмысқа аудан әкімдіктері тартылып, осын­ың арқа­сында құрғақ шөп 52 пайызға азайған.

«Өрт аумағы 80 пайызға азайып, биыл 2,8 гектарды құраса, өткен жылы өртке оранған ағаштың жалпы көлемі 13,5 гектарға жетті. Өрттің шығуына көп жағдайда отқа абайсыз болу мен шабылмаған құрғақ өсімдіктер себеп болды», дейді Алматы қалалық ТЖД бастығы.

Алматы қалалық ТЖД бастығы биыл құрғақ шөптің өртенуі салдарынан жалын­ның тұрғын үйлерге жайылғанын да мысалға келтірді.

 

АЛМАТЫ