Спорт • 14 Шілде, 2022

«Астана» асығар емес

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Морзин мен Межев аралығын қамтыған «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-кезеңі 29 жастағы Магнус Корт Нильсеннің жеңісімен аяқталды.

«Астана» асығар емес

АҚШ-тың «EF Education-EasyPost» клубы сапында өнер көрсететін даниялық велошабандоз 148,1 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 18 минут 50 секундта жүріп өтті. Мәре сызығын екінші болып қиған аустралиялық Николас Шульц (BikeExchange – Jayco) дәл сондай уақыт көрсетті. Испаниялық Луис Леон Санчес (Bahrain-Victorious) үшінші орынды иеленді. «Астаналық» Симоне Веласко 12 сатыға табан тіреді. Сондай-ақ үздік бестікті америкалық Маттео Йоргенсон (Movistar) мен нидерландтық Дилан ван Барле (INEOS Grenadiers) түйіндеді.

Жалпы есепте көшбасшы өзгерген жоқ. Словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates») әлі де алдына жан салар емес. Оны германиялық Леннард Кемна («BORA-hansgrohe») мен даниялық Йонас Вин­гегор («Jumbo-Visma») өкшелеп келеді. Ал әзірге «Астананың» айдарынан жел есетін емес. Қазақстанның ең үздік велошабандозы Алек­сей Луценко өткен кезеңмен салыс­тырғанда екі сатыға төмендеп, 17-орынға тұрақтады.