Тағайындау • 14 Шілде, 2022

Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Серікжан Ғабдулин Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған облыстық соттың сот алқасының төрағасын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Раджаб Даминов, судья лауазымына Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Бауыржан Баймурзин тағайындалды.

Сонымен қатар, Ақкөл аудандық сотының төрағасы болып Жанат Теміров (Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды), Егіндікөл аудандық сотының төрағасы болып Кәбира Сәдуақасова (Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды), Ерейментау аудандық сотының төрағасы болып Ғұмарбек Сисинғалиев (Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды), Есіл аудандық сотының төрағасы болып Саян Жылқайдаров, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотының төрағасы болып Дариға Оспанова (Алматы қаласы Нурызбай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды), Көкшетау қалалық сотының төрағасы болып Қазыбек Дегенбаев (Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды), Қосшы қалалық сотының төрағасы болып Нұрлан Бекенов (Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды) тағайындалды.

Сондай-ақ Зеренді аудандық сотының судьясы болып Айнұр Сауытбаева, Көкшетау қалалық сотының судьясы болып Қазбек Әбішев (Есіл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды), мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Ғизат Көбенов (Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды) тағайындалды.

Жалпы отырыста судья лауазымына алғаш рет тағайындалған судья Айнұр Сауытбаева ант берді.