«Жоғары білім беру сапасымен танымал және әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді позицияны ұстанатын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Нархоз университетіне алғысымыз шексіз», деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жас түлекке түлекке грантты табыстап тұрып.
Министр Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, өзінен кішілерге көмек беруге және оларды қорғауға дайын болу жолында үлгі көрсеткенін атап өтті.
«Сізге көрсеткен қайсарлығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіз оқушының мектеп қабырғасынан қалай түлеп ұшуы керек екенін дәлелдедіңіз. Осындай асыл, батыр азаматты тәрбиелеген ата-анаңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын. Президент бүгін мектептердегі буллинг фактілеріне алаңдайтынын айтқан еді. Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін», деді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетсек, 17 жастағы батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова алты баланы тәрбиелеп отыр.