Қоғам • 14 Шілде, 2022

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілде айының екінші жартысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Жамбыл облысының халқымен кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі

Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.