Спорт • 15 Шілде, 2022

Азия чемпионаты басталады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-25 шілде аралығында Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қа­зақ елі намысын 21 спортшы қорғайды.   

Азия чемпионаты басталады

Өзбекстанның бас шаһарындағы ұлдар сайысында Ерасыл Омаров (55 кило. U17) Азамат Төлеген (61 кило. U20), Әлішер Байбұров (67 кило. U17, U17), Алексей Чуркин (73 кило. U20), Едіге Емберді (73 кило, U17), Петр Хребтов (73 кило. U20), Денис Полубояринов (81 кило. U17, U20), Егор Шерер (81 кило. U20), Клим Башаргин (89 кило. U20), Никита Абдрахманов (102 кило. U17, U20), Жанәлі Тұяқов (+109 кило. U20), Бағдат Маматқұл (+109 кило. U20), Санжар Жолтай (+109 кило. U17) секілді ауыратлетшілерге сенім артылып отыр.

Қыздар арасындағы бәсекеде Александра Беленко (45 кило. U17, U20), Дарья Балабаюк (49 кило. U17, U20,), Екатерина Алякина (55 кило, U20), Шынар Жапар (55 кило. U20), Алина Колиушко (59 кило. U17, U20), Надежда Ли (64 кило. U17, U20), Аружан Дәулетова (71 кило. U17, U20), Динара Қыпшақбай (81 кило. U20) және Айсамал Сансызбаева (87 кило. U20) өнер көрсетеді.