30 Сәуір, 2014

Өмірдің құны

900 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алмат1Ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділ ҚазҰУ-дің журналис­тика факультетінің түлегі. Өлеңдері «ХХІ ғасыр поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинағына енген. Сондай-ақ, ол «Жолдар, жолдар...», «Көкжиекке сіңген жол», «Мен – қазақтың баласы» кітаптарының авторы.

Алмат Исәділ.

Қазақстан Бір Алла атты теңдессіз ғажап ұстаның, Бойына жиған имани тазалық нәрін. Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның, Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп, Қорғады сені серт беріп сан арыстарым – Қазақстаным!   Төндіріп тағдыр басыңа қара бұлттарын, Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын. Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын, Қариялардың ұрлаған даналық шамын, Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың – Қазақстаным!   Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын, Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың. Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның, Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып, Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!   Босатып тордан зарыққан дала құстарын, Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың. Соның үшін де қолыма қалам ұстадым... Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп, Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын – Қазақстаным!   Көкжиекке сіңген жол Тағдыр бізге жасамайды бекер сын, Алды-артыңды білген жөн. Мені қайда апарады екенсің, Көкжиекке сіңген жол?   Көкжиектің ар жағында – арманым, Бер жағында – үмітім. Бір жақсылық, бір жамандық – жан-жағым, Тас төбемде – ұлы күн.   Айналдырған жалғыз өмір – бес күндік, Оны-дағы аз көріп... «Өлеңіміз өлтірмейді!» –деп бізді, Жұбанамыз мәз болып.   Тарамданған тамырындай даламның, Шақырады жол мені. Жүріп өткен ізіменен бабамның, Жүріп өтсем мен де бір.   Жарым көңіл болады екен секемшіл, Дерегі жоқ күндерден. Мені қайда апарады екенсің, Көкжиекке сіңген жол.   Барлық жолдар бастаса ғой бақытқа, Шашу шашып гүлден мол! Мені қайда апарасың, асықпа – Көкжиекке сіңген жол.   Сапарымды бастадым ғой жаңадан, Жасқанамын мен неден?! Бәрібір де соңғы аялдамадан, Басқаларға жол берем.   Есениннің елінде Бөренелі сол үйлер, Сол баяғы, сол өлке: Басын жерге сәл иген, Қайың түбі – көлеңке. Жанарында мұң, нала, Білгісі кеп сырыңды, Пеш түбінде бір бала, Оқып отыр жырыңды. Ел-жұртыңа қош, қош деп, «Тым аулаққа» кеткенде. «Есенинде ес жоқ», деп, Тілдеп еді көп пенде. Шайқап жүрдің, шайырым, Шараптан да бас алмай. Қасіретке байыдың, Күйігіңді баса алмай. Гитараның күйімен, Көңіл мұзын еріттің. Айседора биіне, Есің кетіп, еліттің. Тағдыр неге мұңайтып, Жігеріңді уатты? ...Шаганеңе сыр айтып, Өзіңді-өзің жұбаттың.   Қайран анаң қамығып, Қаншама рет езілді? Желбегейін жамылып, Тосты қанша жолыңды?.. Елге оралдың ақыры, Артта қалып елес-күн: Русьтің ұлы ақынын, Елемеді көп ешкім... Өртендің де, жандың да, Жырға арналды хас, күшің. Есігіңнің алдында, Мұңайып тұр тас мүсін. Елге аңыз болдың да, Жарқырады нұрлы айың. Есігіңнің алдында Жалғызсырап тұр қайың...   Түнде ...Дала суық. Әншейінде шулайтын қала – сұлық. Терезеден телмірем тысқа қарай, Бірдемені күбірлеп, данасынып... Мен сияқты көктемін күте ме екен – Бүрсеңдейді гүлзарда дара шыбық. Әнебір жан қашанғы тұрар екен, Әлдекімді күтумен таң атырып... Сұр көшенің шамдары сығырайып, Аспаннан ай төніп тұр жағы ашылып. Тереземді соғады қайта-қайта, Шұбар қанат көбелек аласұрып. Ұйқым қашып отырмын, ойға батып, Мойыныма мешел-мұң тағы асылып. Тарқатылмай тұрғаны-ай жақсы жырдың, Қаламымның ұшында оратылып...   Бойыма тәтті сезім дәнін еккен Алып ұшып, шарқ ұрып көңіл жүрдек, Көп ішінде жүргенде өзіңді іздеп, Қапелімде қақ тіліп қара түнді, Көгімнен жұлдыз болып көріндің кеп: Шерменде жүрек шіркін жырға оранды, Кеудемде жаңаша бір өмір гүлдеп. Содан бері көңілге көктем орнап, Арманым қанат қақты көкке барлап. Қос жүрекке ортақ бір лүпіл берген, Тәңірім неткен шебер, неткен ардақ?! Шын махаббат өмірде болмайды деп, Жүріппін құр қайғырып, текке «зарлап». Ару едің жайдары жаны неткен, Бойыма тәтті сезім дәнін еккен?! Жанарыңнан тараған жылы сәуле, Жан, арымның сарайын жарық еткен. Күлімдеп қасымда сен жүрсең ылғи, Мен үшін төрт мезгілдің бәрі көктем!   Балапандарым Сендерсің менің бақытым балапандарым, Балапандарым – шаттықтың таратар нәрін. Жүріңдер ылғи күлімдеп қасымда менің, Өмірдің бірге қарсы алып жаңа таңдарын.   Ауырлап кеткен сәттерде төзімнің жүгі, Өздеріңменен сейілер көңілдің мұңы. Сендерсің менің сенерім, сүйенішім де, Сендермен ғана бағалы өмірдің құны.   Тағдырдың жолы тым қиын, болыңдар абай, Қарсы жүзіңдер тайсалмай ағынға қарай. Тау жақтан ескен самал жел жүздеріңді өбіп, Аймалап жүрсін күнде ерте жағылған арай?!   Балалық күннің уайымсыз, зерлі шағында, Уақыттың өзі жүрекке белгі салуда. Өсіңдер бойға дарытып даламның исін, Жақсылық тұнған әлемнің кең құшағында.   Күн сайын маған өмірдің таратар нәрін, Аман жүріңдер кішкентай  балапандарым. Ғажабын ғана көріңдер ғұмырдың мынау, Батаға ғана жайылсын алақандарың. Балапандарым...  АЛМАТЫ.