Коронавирус • 15 Шілде, 2022

Әлемнің 108 елінде коронавирус жұқтыру деңгейі артты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың омикрон штамының таралуына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемнің 108 елінде коронавирус жұқтыру деңгейі артты

«Cоңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттану деңгейінің өсуі байқалып отыр. Оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112 пайызға (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103 пайызға (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72 пайызға (4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28 пайызға (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде 12 пайызға (21 мыңнан 23 мың жағдайға дейін) өскен», деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, COVID-19 омикрон штамы барлық елде негізгі вирус болып тіркелді. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 92 пайызын құрайды.

«Соның ішінде вирустың BA.5 түрі 83 елде анықталды. Қазақстанда маусым айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша омикрон ВА.5 нұсқасы 70 пайызды құрап отыр», деп қосты ол.