Қазақстан • 15 Шілде, 2022

Батыста электр желілерін күшейту жұмыстары жүргізілуде

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында «Оңтүстік» энергия аймағының электр желілерін күшейтудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыста электр желілерін күшейту жұмыстары жүргізілуде

«Қазіргі уақытта Ұлттық электр желілерін жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде Батыс энергия аймағы электр желілерін күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», деді министр.

Ол, сондай-ақ Оңтүстік энергия аймағының электр жүйелерін күшейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Негіздеме дайын болғаннан кейін жобаны іске асырудың параметрлері мен мерзімдері айқындалады», деді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатқанына ескерту жасаған еді.