Туризм • 15 Шілде, 2022

Қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық туристер Андорра Княздігіне 90 күнге визасыз бара алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

«Жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасының азаматынан Андорра Княздігіне 90 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Андорра Княздігінің аумағында болған кезінде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Андорра аумағынан тыс жерлерге шыға алады», делінген қаулыда.

Үкімет қаулысы Ашық НҚА сайтына орналастырылды.