30 Сәуір, 2014

Біртұтас экономикалық кеңістік келісіміне Астанада қол қойылады

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-04-14-EvrazES-1

АСТАНА. 30 сәуір. Біртұтас экономикалық кеңістік жөніндегі келісімге 29 мамырда Астанада қол қойылады. Бұл туралы ИА SakhaNews хабарлады. «Біртұтас экономикалық кеңістік жөніндегі келісімге 29 мамырда Астанада қол қойылады. Оның жобасы жөніндегі барлық көзқарас алшақтықтары реттелді», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия  алқасының төрағасы Виктор Христенко Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы қорытындысынан кейін. «Жоба бойынша барлық көзқарастар алшақтықтары реттелді, - деп хабарлады Христенко. – Енді әлі талқыланатын екіжақты келісім мәселелері қалып тұр». Бұл әңгімеге Христенко «Жоғары Еуразиялық экокномикалық кеңестің 29 мамырда Астанада өтетін отырысына дейін қол қоюға дайын болуы үшін» жақын арада барлық бүге-шігесі бойынша жұмыс жасауды мамырдың соңына аяқтау керектігі тапсырылғанын қосты. Виктор Христенконың айтуына қарағанда, мұнай, мұнай өнімдері мен газ 2025 жылдан қалмай табыс табатын болулары керек. Мұндай шешім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысында қабылданды. Ал 2014 жылдың 1 маусымына дейін Арменияны Еуразиялық экономикалық кеңістікке қабылдау жобасын дайындау тапсырылды. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: ИА SakhaNews. Фото: ИТАР-ТАСС/Михаил Метцель.