«Қамқорлық» – Семейде таяуда ғана ашылған балаларды оңалту мен ерте араласу қызметтерін ұсынуға арналған орталық. Оңалту орталығы 3 жасқа дейінгі балаларды қабылдаса, ерте араласу орталығындағы жас мөлшеріне байланысты шекті деңгей – 3-18 жас аралығы.

Әлеуметтік маңызы бар нысан жалпы сомасы 207 млн теңге тұратын медициналық оңалту жабдықтарының 90-нан аса түрімен жарақталған. Арнайы медициналық қызметкерлер Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Санкт-Петербургте оқыту курстарынан өткен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Абай облысында перинаталды орталықтың жанынан балалар оңалту орталығы мен ерте араласу орталығының ашылуы маңызды оқиға саналады. Ана мен баланы қорғау қызметінің дамуы қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының индикаторларының бірі екені сөзсіз. Тұтастай алғанда, ана мен баланы қорғау – отбасын нығайтуға, ананың дәрежесін көтермелеуге, балаларды тәрбиелеуге, сондай-ақ олардың дене бітімі, зияткерлік және адамгершілік жағынан дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесі», деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.
Аталған орталықтың неонаталды және педиатриялық қызметінің басшысы Гүлжазира Дүйсекенова орталықта атқарылған жұмыстың нәтижелерін айтты. Мәселен, жарты жылда балалардың 72%-ы аяққа тұрып жүре бастаса, 55%-ы басын тік ұстап, тағы 48%-ы еңбектеп қозғалуға үйренген. Бұл – балалардың қысқа мерзімде алған дағдылары.
Мұнда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемнің үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері қолданылады. Мамандар аурудың ерекшеліктерін ескеріп, әр баланы қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары, атап айтқанда арнайы техникалық құралдар, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер пайдаланылады.
Церебралды сал ауруы мен тірек-қимыл мүшелерін емдеу үшін омыртқаның, буындардың жүру мен қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге арнайы костюмдер, тренажерлер және әлемдік үздік өндірушілердің құрылғылары қарастырылған. Сонымен қатар емдік дене шынықтыру, электроэнцефалография, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектологпен күнделікті жеке сабақтар өткізіледі. Иммерсиялық ванна, механотерапия, эрготерапевт және психолог кабинеттері, сенсорлық бөлме, құрғақ ванна жұмыс істейді.
Ерте араласу орталығының негізгі қызметіне дамудың ерте кезеңдерінде (3 айдан 3 жасқа дейін) балаларға кешенді оңалту көмегін көрсету жатады. Неге десеңіз, 3 жасқа дейін баланың миы икемді және оңалту еміне қолайлы болып келеді. Оны неғұрлым ерте бастаса, мүгедектіктің ауырлығын соғұрлым азайтып, баланың аурудан сауығып кетуге мүмкіндігі жоғарылайды. Орталық мамандарының маңызды міндетіне ата-аналармен жұмыс жүргізу, оларды қарапайым күнделікті іс-әрекеттер мен қозғалыстарға дағдыландыру, оның ішінде баланы дұрыс көтеруге, тамақтандыруға, сол секілді киіндіріп, отырғызуға үйрету кіреді. Өйткені оңалту ісінде ұсақ-түйек нәрсе болмайды. Бұл әсіресе ерте кезеңдерде аса маңызды.
Барлық көмек (оңалту, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық) тегін көрсетіледі. Екі орталықтағы жатын орын саны – 100, оның ішінде 30-ы тәулік бойы қызметке шақталған.
Жыл сайын оңалту шараларын 1 200-ден аса бала ала алады. Қазір орталықта 80 қызметкер жұмыс істейді.
«Балаларымызға әлеуметтеніп, өзін өзі күту дағдыларын алуға мүмкіндік бергендеріңізге рахмет. Менің ұлым секілді балаларға тіпті бір қадамды жасаудың өзі Эверестке шыққанмен тең. Осы орталықтағы мамандарға одан әрі өркендеп, балаларды емдеу жолындағы қызметтеріне табандылық пен төзімділік, ал ата-аналарға шыдамдылық тілеймін», деді ата-аналардың бірі.
Іс-шара оңалтудан өткен балалардың, олардың ата-аналары мен орталық қызметкерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.
Абай облысы
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар