Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 01:42-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 685 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 685 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6. MPV магнитудасы 5,2. Эпицентр координаттары: 39,41° солтүстік ендік, 83,34° шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) келіп түскен жоқ», делінген хабарламада.