Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Алматыда көпсалалы аурухана салынады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында аталған ауданда көпсалалы аурухана салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көпсалалы аурухана салынады

Әкімнің айтуынша, биыл «Саялы» және «Қарасу» шағынаудандарында күніне 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынады. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін компанияларды анықтауға байқау жарияланған. Құрылыс осы жылдың қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған.

«Алатау ауданында көпсалалы аурухана салу туралы шешім қабылданды. Мұнда перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады. Келесі жылы көпсалалы аурухананың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады», деді Е.Досаев.