Кеудесін арман оты шарпыған жалынды жасты өзіне асық еткен де, ғашық еткен де - Астана. Армандар орындалатын бұл шаһарды кешегі буын "жастардың қаласы" деп мойындаса, екпіні тау көтерген бүгінгі ұрпақ Есіл бойында еркелеген бас қаланы жарқын болашағымен байланыстырады. Сондықтан да "елім" деген жас ұрпақ кең байтақ қазақ даласының жүрегі боп соққан Астанамен бірге дамып, бірге өседі. Ән де жыр да, би мен күй де шырайлы Астананың, шабытты жастардың ажырамас бөлігіне айналған. Міне, осындай бастаманы негізге ала отырып, жастармен тыныстаған Астанада жыл сайын "Жастар жалыны" фестивалін өткізу дәстүрге айналған.
Сәуірдің 8-10 аралығында Елордадағы 11 ЖОО-ның студенттері арасында "Астананың үздік командасы", Жастар кубогына, "Эстрадалық әндер", "Фото", "Жыр", "Жайдарман" ойыны", "Би", "Үздік жанкүйерлер" командасы" және "Үздік студент-блогер" номинациялары бойынша өзара сайысқа түсті.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Елорданың жоғарғы оқу орындары арасында "Жастар жалыны - 2014" телевизиялық жастар шығармашылық фестивалін қорытындылады.
Төменде сол шарадан фото репортаж.
Данияр Алан.