Қоғам • 19 Шілде, 2022

Шымкентте қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар сотталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 15 шілдедегі үкімімен қаңтар айында елде орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 3 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар сотталды

Айыпталушылар ҚР ҚК-нің 272-бабының 2,3-бөліктеріне сәйкес кінәлі деп танылды. Тексеру барысында олардың полиция басқармаларының ғимараттарын өртеу, басып алу, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды шабыттандыру, адамдарды қаруландыру, қаржыландыру, арнайы техникалардың жүруіне кедергі жасау үшін жүк көліктерімен ірі және майда тастарды төгу туралы ұялы байланыс арқылы сөйлескендіктері анықталды.

«Күдіктілердің 2021 жылы ҚР ҚК-нің 405-бабында (экстремистік қылмыстарды) қарастырылған қылмыстарды жасағаны, пробациялық бақылаудың есебінде тұрғаны, алдын жасаған қылмыстарынан нәтиже шығармағандары белгілі болды», делінген қалалық ПД хабарламасында.

Айта кетсек, қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының алдында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылған еді. Ұйымдастырушылар Назарбаев даңғылының бойында «Рупор» дыбыс күшейткіш құралын пайдаланып, адамдарды тәртіпсіздікке шақырған.