Оқиға • 19 Шілде, 2022

Түркістан облысында екі баланың анасы өз үйінде асылып қалды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Келес ауданында жүкті әйел асылып қалған. Оның артында екі баласы қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында екі баланың анасы өз үйінде асылып қалды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның қайтыс болғаны 16 шілдеде белгілі болған.

«Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен жас әйелдің өз үйінің ауласында асылып, қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Хабарламаны алған соң оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты», деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Бұл оқиға сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оның денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтады.