Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде инфрақұрылымдарды дамыту, еліміздегі қаржы-банк секторын одан әрі реформалау, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қажетті қолдау көрсету мәселелерін қамтыған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар әлемдік қаржы жүйесін одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Азия Даму банкі басқарушылар кеңесінің алдағы 47-ші отырысының Астанада өтетініне ризашылық білдірді.
– 2014 жылы Кеңеске төрағалық ету – біз үшін құрмет. Қатысушылар құрамында аса көрнекті адамдар болады. Біз мұны тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табыстарын банктің мойындауы деп білеміз. Биыл еліміз бен Азия Даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа 20 жыл толады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыра бастаған бүгінгі кезеңде біз сіздердің банктеріңізбен өзара іс-қимылдың жаңа беттерін ашқымыз келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қос тараптың ынтымақтастығы мемлекетіміздің мүддесіне толық сай келетінін және еліміздің экономикасын әртараптандыру үдерісіне банктің көрсеткен қолдауын Қазақстан жоғары бағалайтынын атап өтті.
Азия Даму банкінің басшысы өз кезегінде Астанада форум өткізу туралы шешім үшін алғысын білдіріп, оған Азияның барлық түкпірінен 3000-нан астам делегаттың қатысуы күтіліп отырғанын айтты.
Т.Накао, сондай-ақ, АДБ Қазақстанда өз жұмысын бастағаннан бері жалпы сомасы 3,5 млрд.доллар қаржылай көмек көрсеткенін атап өтті.
Азия Даму банкінің президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын энергетика, индустрияландыру, қаржы секторын дамыту, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік сияқты салалар бойынша жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10