Егемен Қазақстан • 19 Шілде, 2022

«Egemen Qazaqstan» ЖШС бас директорының орынбасары ауысты

1261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Егемен Қазақстан» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген Ерболат Қаменов өзінің өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen Qazaqstan» ЖШС бас директорының орынбасары ауысты

Газет ұжымымен жиын өткізген бас басылым басшысы Дархан Қыдырәлі серіктестіктің дамуына қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін Ерболат Тілекқабылұлына алғыс айтып, құрмет көрсетіп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Ал «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС бас директорының орынбасары болып Әскер Пириев тағайындалды.

Айта кетейік, ол бұған дейін де осы салада абыройлы қызмет атқарып келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) мүшесі, «Егемен Қазақстан» ЖШС байқаушылар кеңесінің және Ұлттық құрылтай мүшесі.