Елорда • 02 Қазан, 2024

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында зейнеткерлер тегін жаттығады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, халықаралық қарттар күніне орай,  Елордадағы «Өндіріс» тұрғын алабында тұратын зейнеткерлер үшін, №7 балалар спорт комплексінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында зейнеткерлер тегін жаттығады

Іс-шараны өткізудегі мақсат:  қарт кісілерге құрмет көрсету, ата-бабадан келе жатқан салтымызды жаңғырту. Зейнеткерлердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдап, тәлім-тағылым алу. Жас жеткіншектерді үлкенді құрметтеуге, салт-дәстүрімізден нәр алуға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Фото

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының өнерпаздары және осындағы мектеп оқушылары концерттік бағдарламасымен қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараны барлығы 60 зейнеткер тамашалады. Сонымен қоса, қарттарға үйірмелердің қызметі таныстырылды.  

 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында 5 үйірме бар. Атап айтқанда, йога, оңалту гимнастикасы, үстел теннисі, вокал, қолөнер. Тренажерлік залда орналасқан үйірмелерге қарттар тегін қатысады. Алдағы уақытта зейнеткерлер үшін хореография, домбыра, гитара үйірмелерін ашу жоспарда бар», дейді үйірме жетекшісі  Ақшолпан Молдашева.

Фото

Фото