Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясындағы облыс әкімінің жүлдесі үшін болған тартысқа Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысты. Команда мүшелерінің бәрі де тәуелсіздігіміздің төл буыны, яғни 1992-1995 жылы туған ұлдар мен қыздар.
Студенттер мемлекеттік тілді меңгеруде жеті тапсырма бойынша сынға түсті. Алғашқы «Сәлемдесу» бөлімінде ШҚМТУ студенттері Алтай асқарын мекендеген бағзы бабалардың биік рухы мен жігерін бейнелеп, «Көк бөрі» тотемінің мәнін ашып көрсете білді. Болашақ кеншілер мен тау-кен инженерлері Р.Морозов, С.Пискарев, А. Храмцов ә дегеннен-ақ тілді таза меңгергендерін байқатты. Олардан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Т.Онянов, Е.Осипова, Ж.Гладышева да қалыспай, қазақтың жеті атаны білу, бата беру сынды ұлттық дәстүрлерінен ұлағатты сөз қозғады. «Ойлан, тап» атты екінші бөлімде компьютер көмегімен кездейсоқ түскен ұяшықтағы сауалдарға үш минут ішінде жауап беріп, алғырлықтарын көрсеткен сайыста І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тәлімгерлері Э.Курбанов, В.Наймасова, О.Таджиева, Қарағандының Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің М.Парпеева, К.Вороновская, К.Киселева есімді студенттері білгірлік көрсетті.
Құрамында орыс, өзбек, әзербайжан, татар ұлттарының өкілдері бар студенттер сонымен бірге, «Тапқырлық», «Мақал сөздің мұнарасы», «Ұтқыр жауап», «Ол кім, бұл не?», «Өнер табу – өрге шабу» сынды сайыстардан да сүрінбей, қазақ тілін жетік меңгергендерін байқатты. Десе де, бәйгенің аты – бәйге. Мемлекеттік тілді меңгеруде алдына жан салмаған жергілікті команда бас жүлдені, одан кейінгі орындарды алматылық «Жетісу», қарағандылық «Талап» және павлодарлық «Алтын қазына» топтары иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазылар алқасының төрағасы, өңірдегі «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев Шығыс өңірінің барлық бастамалардың басында тұрғанын, оның ішінде мемлекеттік тілді дамыту орайында өңіраралық интеграция мүмкіндіктерін пайдалану қазақ тілінің өрісін кеңейте түсетінін айрықша атап өтіп, мемлекеттік тілді жетік меңгерген студенттерге «Тіл патриоттары» атты төсбелгілер табыс етті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10