Коронавирус • 20 Шілде, 2022

Елордада вакцинаның бір ғана түрі қалды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада вакцинаның бір ғана түрі қалды

«Қазіргі уақытта вакцинация және ревакцинация үшін қытайлық Sinopharm өндірушісінің бір ғана вакцинасы қалды. Қалада 214 мың доза бар», деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, елордада ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамды немесе жасы бойынша шектеулері барларды қоспағанда, тұрғындардың 60%-ын егу жоспарланған.

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентімен 533 мың адам егілсе, 512 мың адам толық иммундаудан өткен.

Соңғы жаңалықтар