Коронавирус • 20 Шілде, 2022

ДДҰ өкілі COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирустың омикрон штаммының кіші нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады. Ол Еуропа елдерін вакцинация мен бетперде тағуға қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ДДҰ өкілі COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады

ДДҰ өкілінің айтуынша, соңғы алты аптада Еуропа өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті. Ал өткен аптада 3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Клюге суық ауа райы жақындаған сайын коронавирус қарқынды таралатындығын айтты.

«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», деді бюро директоры. Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды, жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді», деді ол.