«Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіп, арнайы жұмыс топтарының отырыстарын өткізу қымбатшылыққа тұсау сала алған жоқ». Осылай деген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бағаны ырқына көндіру үшін қосымша көтерме-тарату орталықтарын салу керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқандай, халық инфляция мен азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда, сондай-ақ азаматтардың табысын арттыру мен экономиканың нақты секторын қолдау бағытында нақты, жүйелі әрі нәтижелі жұмыстарды күтеді.
Облыс әкімі Президент жүктеген тапсырмалар стратегиялық сипатқа ие екенін және сыртқы сын-қатерлерді ескере келе, жаңа кезеңдегі мемлекеттік дамудың бағытын айқындайтынын жеткізді.
«Сондықтан іс-қимылымызды үйлестіріп, қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерттеп, Мемлекет басшысы алдымызға қойып отырған міндеттерді іске асыру үшін нақты қабылдайтын шараларды бекітуіміз қажет», деді Н.Ұранхаев.
Оның айтуынша, қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруда қабылданып жатқан қазіргі амалдар нәтижесіз. Бұл әсіресе әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына мониторинг жүргізу мен жұмыс топтарының отырысына қатысты.
Қазір Семейде бағаны ұстап тұру үшін 5,5 мың тонна картоп пен көкөністі сақтауға арналған Jolaman көтерме-тарату орталығы жұмыс істейді. Бұл ретте инвесторларды тарту арқылы қосымша көтерме-тарату орталықтарын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сол секілді әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеуге мүмкіндік беретін жеке тұрақтандыру қорымен қамтылған өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын құруға байланысты жұмыс басталды.
«Биылғы қысқы маусымда нарықтық бағалардың өсуін тежеп, көкөністерді төмен бағамен сату үшін біз Jolaman көтерме-тарату орталығының қорын картоп, қырыққабат және сәбіз сынды қажетті азық-түлік өнімдерімен толықтырамыз. Осы бағытта жергілікті өндірушілермен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.
Отандық бизнес ұлттық экономиканы өркендетуге өз үлесін қосуға тиіс. Сонымен қоса Семейде халықаралық сауданы дамыту қажет деп санаймыз. Бұған Ресей мен Қытайдың өңірге іргелес орналасуы оң ықпал ете алады. Бірақ аталған бағытта мемлекеттік қолдау қажет болады», деді «Ақшын» корпорациясының президенті Марат Құрманбай.
Абай облысында халықты жұмыспен қамту мәселелері өте өзекті. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің табысын арттыруды көздейтін тетіктердің бірі 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы саналады.
Айталық, осы жылы өңірде 13 477 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жарма ауданында «Цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту» жобасын іске асыру арқылы 1 085 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.
«Алда экономиканың барлық саласының бәсекеге қабілеттілігі мен оның инновациялық құрамдас бөлігінің сапасын арттыруға байланысты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Тиімді жұмыстың кепілі – барлық мемлекеттік органның, қаржы және қоғамдық институттардың іс-қимылды үйлестіріп, бірлесе еңбек етуінде жатыр. Сондықтан Президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін әркім өз учаскесінде белсенділік танытып, қажырлы жұмыс істеуге тиіс», деді Н.Ұранхаев.
Абай облысы
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар