Кино • 21 Шілде, 2022

Денистің «Соқыр махаббаты»

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талантты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Со­қыр махаббат» фильмі 28 шіл­деден бастап прокатқа шы­ға­ды. Кинокар­тинаның бас продюсері – Тимур Бекмамбетов.

Денистің «Соқыр махаббаты»

Фильмнің сюжеті әлеу­меттік желіде танысқан тағ­дырлы жан­дардың махаббатына құрыл­ған. Бірі зағип, бірі мылқау.

Денис Тен бұл сценарийді 2018 жылы Тимур Бекмам­бетовтің кинокомпаниясы атынан Screenlife Contest бай­қауына қатысу үшін жазған еді. Өтінішін жасырын жолдап, финалистер қатарынан көрінді.

«Мен Дениске питчингке қатыс деп идея айттым. Сосын ол жасырын түрде өтініш берді. Байқауға әлем­нің түкпір-түкпірінен 250-ден астам өтінім түскен. Нә­ти­жесінде, Мәскеуде өткен халықаралық байқауда Де­нис жеңімпаз атанды. Біз түсірі­лімді Лос-Анджелестен бастау­ды жоспарлап қойғанбыз. Бұл қайғылы оқиғадан бір ай бұрын болған еді. Кейін Денистің анасымен бірге фильм­ді түсіру керек деп шеш­тік», дейді спортшының досы, атқарушы продюсер Игорь Цай.

Түсірілім жұмыстары 2019 жылдың басында бас­талып, үш айға созылған. Ре­жиссері – Венеция кино­фести­валінің жеңімпазы Чак Че. Халықаралық фильмді түсіруге қазақстандық мамандар да атсалысты.

Игорь Цайдың айтуынша, фильм ел назарына 28 шілдеден бастап ұсынылмақ. Сондай-ақ күзде Оңтүстік Кореяда прокатқа шығады.