Саясат • 21 Шілде, 2022

Қазақстан «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» темір жолының құрылысына қатысады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» темір жолының құрылысына қатысады

«Көліктік байланысты арттырып, транзит шарттарын дәйекті түрде жақсарту қажет. Картаға бір қараған сәттен-ақ Орталық Азияның бірегей географиялық  аумақта орналасқанын көруге болады. Жаңа геосаяси жағдайларда біздің өңірдің трансконтиненталдық сауданы ілгерілетудегі және дамытудағы рөлі қарқынды өсуде. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып жатыр», деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, 2017 жылдан бастап осы дәліздің бағыттары бойынша контейнерлерді тасымалдау 3 есеге жуық өскен.

«Қазақстан «Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» темір жолының құрылысына қатысуға дайын. Атап айтқанда, біз темір жолдардың жоғарғы құрылыс материалдарының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етіп, жылжымалы құрамды ұсына аламыз», деді Мемлекет басшысы.