Коронавирус • 22 Шілде, 2022

Екпе салу жұмысы жалғасып жатыр

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұқпалы індеттің жаманат хабары жар астынан естіліп жатыр. Кейінгі күндері індет жұқтырған адамдардың саны артқаны туралы ақпарат жиілей бастады. Бұл қатарда Алматы облысындағы эпидемиялық жағдайдың асқынуы да байқалады.

Екпе салу жұмысы жалғасып жатыр

Өткен аптада өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 194 жағдайы тіркелген екен. Оның ішінде бір тәулікте анықталғаны 51 науқас болатын. Ал кешегі күннің мәліметі бойынша бұл ахуал асқынып, ауырғандар қатары тәулігіне 245 адамға көбейгені байқалды. Аудандар бойынша жұқтыру дерегі де әрқилы. Мысалы, Балқаш пен Іле ауданындағы ахуал – 0,09 пайыз болса, Талғар ауданындағы өсім – 0,05 шамасында екен. Ал Қарасай ауданындағы індет жұқтыраған науқас саны 0,1 пайызға өссе, Кеген ауданындағы көрсеткіш 0,2 пайызға көбейген. Дегенмен облыс жұқпалы індеттің таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймақтағы» орнын сақтап тұр.

Айтпақшы, облыста тұрғындарға екпе салу жұмысы белсенді жалғасып келеді. Қазірге дейін вакцинаның бірінші компонентін 719 773 адам алды. Бұл – иммундауға жататын ересек халықтың 88,3 пайызы. Ал екпенің екінші компонентін 689 914 адам немесе халықтың 84,7 пайызы салдырған. Мұнан бөлек 292 650 адам ревакциналау курсынан өтіп, 9 304 азамат иммунитетті нығайту мақсатында вакцинаның 4-дозасын алған көрінеді.

 

Алматы облысы