Қоғам • 22 Шілде, 2022

Есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызыл­ордаға синтетикалық есірткі заттарын тасымалдап жүрген алматы­лықты ұстады.

Есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынды

Сараптама қорытындысы әйелден заттай дәлелдеме ретінде алынған заттың жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын «Мефедрон» препараты екендігін анықтады.

Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталып, 20 жастағы күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. 

 

Қызылорда