Аймақтар • 22 Шілде, 2022

Павлодар облысында 11 жылқы ұрлаған тұрғын ұсталды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының 42 жастағы тұрғыны 11 жылқы ұрлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында 11 жылқы ұрлаған тұрғын ұсталды

20 шілде күні полицияға Павлодар ауданының 41 жастағы ауыл тұрғыны жүгінді. Ол 11 бас жылқы ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын 4 700 000 теңгені құрады.

Анықталғандай, жылқылар қараусыз жайылып жүрген. 6 күн бойы иесінің өз күшімен іздеуі сәтсіз болды. Ұрлық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді, нәтижесінде полиция қызметкерлері Павлодар ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан басқа, ұсталған адамға қатысты осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі.