«Осы жылдың 21 шілдесі мен 31 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бурабай көшесінің Қобыланды батыр көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
22-23 шілде күндері Жангелдин көшесінің Жеңіс даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады», делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ «QazAvtoJol» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы 4 км республикалық маңызы бар автомобиль жолы (Р-10) күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты жабылады. Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін теміржол желісін салумен, ұзындығы 2,6 км осы жол өтпесінің бойымен күрделі үлгідегі жол төсемесімен айналма жолды орындау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар 23 шілде мен 5 тамыз аралығында Тұран даңғылы бойындағы Төле би көшесінің Сығанақ көшесінен «Baspana» және «Nova City» тұрғын үй кешендеріне дейінгі учаскесіндегі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады. Аталған учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген бейінді басқарманың хабарламасында.