АСТАНА. 1 мамыр. Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын қарау барысында пысықтай түсуді қажет ететін бірқатар мәселелерге өз әріптестерінің назарын аударды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.
Еуразиялық экономикалық кеңістік және Кеден одағы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Президенттері Минскіде бас қосқан болатын. Осы жиында Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы тараптардың барлық мүдделері мен құқықтары барынша сақталуы қажеттігін айта отырып, мамыр айында қабылдануы тиіс келісім-шарт жобасына қатысты әлі де пысықтауды қажет ететін бірқатар жағдаяттарға тоқталды.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев: «Мейлінше күрделі жайттар үшін өтпелі кезең қажет болады. Барлық мәселелерді біз Кеден одағын құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру кезінде талқылағанымызды еске салғым келеді. Бүгін біз әр тармақты сеніммен талқылап, не істегеніміз жөн екенін шешетін боламыз деп ойлаймын. Біз әрдайым бәтуаластыққа қол жеткізіп келдік және алда да солай болады деп сенемін, – деді.
Өз кезегінде Ресей Президенті Владимир Путин аталған одақты құруға Қазақстан жағының жоғары деңгейде белсенділік танытқанын атап өтті.
Владимир Путин: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор алғысым мен ризашылығымды білдіремін, өйткені ол осы бірлестіктің рухтандырушысы болды. Әуелден бұл оның идеясы еді, мұны мен есімде жақсы сақтадым», – деді.
Ал Беларусь Президенті Александр Лукашенко: «Біздің одақтың басқа елдер үшін тартымдылығы оның қаншалықты тиімді болатынына байланысты. Бірақ одақтың өзі де оның аясының кеңеюі есебінен үлкен құндылыққа ие болуға тиіс», – деді.
Сондай-ақ, Минск кездесуінде еуразиялық экономикалық интеграцияның өрісін кеңейту керектігі сөз етілді.
Жиын соңында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын дайындау жұмысының қорытындысы шығарылды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары».
Фото: Headlain.kz.
• 01 Мамыр, 2014
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше