АСТАНА. 1 мамыр. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанадағы «Қазақ Елi» монументi алдында Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамы салтанатты жағдайда басталды. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймақтарында да мерекелік думан өз шымылдығын ашты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңындағы концерттік бағдарламалар үш түрлі сахнада жүргізілуде. Бұл мәдени шаралар күні бойы толастамайды. Негізгі сахнада 700-ден астам жекелеген өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.
Сахнада «Наз» би ансамблi, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетiнiң би тобы, Өскемен қаласының «Флэш» балет тобы, Қарағандының «Исторка» би ансамблi, Шымкент қаласының «Шамсинур» және «Айгөлек» би топтары, сондай-ақ ТМД елдерiнен – «Вайнах» би ансамблi (РФ Шешен Республикасы), Омбы (Ресей) мемлекеттiк би және ән ансамблi, Тбилисидің грузин ұлттық хоры, Анкараның түрiк ұлттық хоры көпшілікке өз өнерлерін ұсынады. Бұлардың арасында басқа да мемлекеттерден келген – Зитхер (Германия), Мадан Оак (Үндiстан), Чжу (Қытай) сынды әншілер де бар.
Ал кіші сахнада 17.00-ге дейін 23 этномәдени бірлестік өкілдері өнер көрсетеді.
Алаңда әр елдің мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени қалашығы құрылған.
Сонымен қатар, арнайы дайындалған спорттық алаңдарда арқан тартыс, тоғызқұмалақ, гір көтеру сынды ойындардан сайыстар ұйымдастырылады.
Алдын ала хабарлағанымыздай, мерекелік бағдарлама еліміздің белгілі әншілерінің концертімен жалғасады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «ҚазАқпарат».
• 01 Мамыр, 2014
Бүкіл еліміз бойынша Қазақстан халқының бірлігі күні тойлануда

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше