АСТАНА. 1 мамыр. Венгрия астанасы Будапештте «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың венгр тіліндегі нұсқасының тұсаукесері болды. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Президент кеңсесінің жетекшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбековтың авторлығымен шыққан бұл еңбек осыған дейін орыс, ағылшын және араб тілдеріне аударылған. Кітапта Мемлекет басшысының балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі өмірі, бағындырған асулары, ел үшін атқарған қызметі қамтылған.
Махмұт Қасымбеков бұл кітапты 2012 жылы баспадан шығарған болатын.
Еңбектің венгр тіліндегі нұсқасының жарық көруіне Қазақстанның Венгриядағы елшілігі қолдау көрсеткен.
Будапештегі ғылым академиясының ғимаратында өткен тұсаукесер рәсіміне Венгрияның ресми тұлғалары, ғалымдары, саясаттанушылары, сондай-ақ, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Тұсаукесерде Венгрияның Өңірлік даму министрі Шандор Фазекаш: «Өте керемет жазылған кітап. Қазақстанның қарқынды дамуы, әлемге танылуы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Санаулы уақытта сәулеті ерекше Астана тұрғызу – тек дәулетті мемлекет пен мықты басшының ғана қолынан келетін іс, – деді.
Ал Махмұт Қасымбеков Венгриядағы аталған шара барысында: «Мен өз басым, кітаптың венгр тілінде шығуы – венгр халқының ҚР Президентіне, ол басқарып отырған Қазақстанның еліне үлкен құрметі, сый-сыяпаты деп білемін, – деді.
Кітаптың тұсаукесірінен кейін Қазақстан делегациясы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде «Қазақстан жолы және Назарбаев» атты құрметті кафедраның ашылу салтанатына қатысты.
Венгр жеріндегі жетекші білім ордасындағы бұл кафедра студенттер мен оқытушыларға Қазақстанның бүгіні мен болашағынан, қазақ халқының тыныс-тіршілігінен, мәдениеті мен өркениетінен ақпарат беретін болады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: «24kz».
• 01 Мамыр, 2014
«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітап венгр тілінде жарыққа шықты

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25