Қоғам • 25 Шілде, 2022

Ақтөбе облысында бақташыға жай түсті

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы «Үш қатты» сайының маңында мал бағып жүрген ер адамға найзағай түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында бақташыға жай түсті

41 жастағы ер адам 24 шілде күні сағат 06:50-де ауруханаға жеткізілген. 

Ақтөбелік дәрігерлердің айтуынша, найзағай түскен қойшының денесінің 15%-ын күйік шалған.

Оң қолы, көкірек қуысы, құрсақ қабырғасы және оң аяғы зақымдалғаны айтылды.

Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа.