Қазақстан • 26 Шілде, 2022

АШМ: Күзге қарай қант бағасы арзандайды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант бағасы күзге қарай түседі деген болжам айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

АШМ: Күзге қарай қант бағасы арзандайды

«Ресей Федерациясының болжамынша, қыркүйек айынан бастап қант экспорты ашылмақ. Өйткені биыл қызылша шығымы да қажетті деңгейде болады деген жоспар бар. Сондықтан шілде, тамыз айларында қант бағасы жоғары болатын шығар. Одан кейін біртіндеп баға түсіп, нарықтағы ахуал қалыпқа түседі деп ойлаймын», деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, бұл болжам орындалуы үшін жергілікті әкімдіктер нарықты сауатты реттей алуы қажет.

«Қазіргі ұзын-сонар кезек пен дүрбелеңнің бәрі арзан қанттың айналасында туындап отыр. Тіпті қыркүйек айында да қантты сырттан әкеліп, азғантай бөлігін өзіндік құнынан төмен бағамен сатуды жалғастырсақ, дүрбелең де жалғасады. Сондықтан қантты өзіндік құнынан арзанға сатып, дүрбелең туғызуды тоқтатқан кезде мәселе шешімін табады»,  деді министр.