Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Биыл еліміздің диқандары 200 мың тонна астық жоғалтуы мүмкін

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан диқандары киік таптаған алқаптардан 200 мың тонна астық жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл еліміздің диқандары 200 мың тонна астық жоғалтуы мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 6,7 мың, Қарағанды облысында 23,2 мың, Ақтөбе облысында 10,3 мың, Қостанай облысында 49,6 мың және Ақмола облысында 141,9 мың гектар, жалпы 261,7 мың гектар егістік алқабы киік тұяғының астында қалған.

Демек, шаруалар бұл алқаптан өнім ала алмайды. 2021 жылы болған қуаңшылыққа қарамастан еліміздің фермерлері орта есеппен 1 гектар алқаптан 8,3 центнерден өнім алды. Ал 2020 жылғы астықтың орташа түсімі гектарына 12,3 центнерден айналған болатын.

Биылғы түсімді орта есеппен гектарына 8,3 центнер деп алғанның өзінде диқандарымыз 217 мың тоннадан астам астықтан қағылуы мүмкін.