14 Мамыр, 2014

Астанада "Домбыра party" маусымы ашылды (ФОТО)

1085 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_1741
Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында open-air, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі - аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез-келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Қозғалыстың саяси астары жоқ. Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады. Шара жайлы, қатысушыларды шақыру әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Шараларда түсірілген бейнематериалдар жиі ғаламторда бөлісіледі. Домбыра пати қазақ блогерлері мұрындығымен 2012 жылы туындаған қозғалыс. Шаралар тізбегі АстанаАлматыАтырауАқтауШымкентҚызылжарЖаңаөзенОрал сияқтыҚазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағында (2012 жылдың 15 тамызынан бастап), сонымен қатар ЫстамбұлЛондон сияқты әлем метрополияларында өткізіліп келеді.  Домбыра Partyдің ресми басталған күні - 2012 жылдың16 тамызы. Сол күні Астана қаласының бір топ жастары, атап айтқанда "КерекИнфо" сайтының қолданушылары Аршат Оразов, Алдан Жылгелді, Нұрғиса Асылбеков, Маралбек Сағынғанов, Жанасыл Болатбек, Данияр Алан, Алмас Алтай және Нұрберген Мақым атты сегіз жігіттің бастауымен дүниеге келген бірегей жоба.
IMG_1748Биылғы "Домбыра party"-дің ашылуы 1-мамырға тұспа-тұс келіп,  Қазақстан халқының бірлігі күніне тамаша тарту болды. IMG_1753"Домбыра party"-дің Астанадағы тұрақты жүргізушісі - Маралбек Сағынғанов. IMG_1761Әлеуметтік желілерден оқи сала жастар Бәйтерек маңына жиыла бастады. IMG_1757Сол жағалауда қыдырыстап жүрген шет елдік қонақтар да тамашалады. IMG_1767Моңғолияның Баян Өлгүй аймағында "Домбыра party"-ді ұйымдастырушы - Нұрбол Қанағат. IMG_1773Шамамен 50-100 қаралы адам тамашалап кететін бұл шара тек Астанада емес, Қазақстанның барлық дерлік қалаларында өтіп тұрады. IMG_1784 Шараның негізгі мақсаты домбыраны насихаттау болғандықтан, жиылғандар кәсіби мамандардан гөрі өздері секілді көпшілікті тыңдағанды құп көреді. Мәселен, мына қыз домбыраны жаңадан үйреніп жүр екен. IMG_1788Ал, мамасы өз қызымен мақтануда. IMG_1802   IMG_1803Түрлі әлеуметтік желілерге хабарлама дәл сол уақытында шығып отырады. IMG_1811 IMG_1828 IMG_1823 IMG_1829 IMG_1839Шара соңы дәстүрлі "Қазақтай ел қайда?" әнімен аяқталады. Кіріспе сөз уикипедия сайтынан алынды. Данияр Алан.